«Мұқтажбыз бір-бірімізге»: Мөлдір Мұқанова бес баласымен бірге әсерлі видео жариялады

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында бес баласымен бірге түсірілген бейнеролик жариялап, ажырасқаннан кейінгі сезімдерімен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 12 ноября 2025, 11:43
Мөлдір Мұқанова
Instagram: @moldir.mt

Бейнежазба төрт миллионға жуық қаралым жинады.

Кадрларда Мөлдір мен балалары дөңгелене отырып, қол ұстасқан күйі бір-біріне жылы сөздер мен алғыс білдіреді. Бұл — өзара қолдау мен эмоциялық байланысқа бағытталған трансформациялық ойынға ұқсайды.

Видеода отбасы мүшелері көз жастарына ерік берді. Осыған ұқсас бірнеше бейнежазба Мұқанованың парақшасында жарияланды.

«Қазір бір-бірімізге қатты мұқтажбыз. Жылы сөзімізбен, махаббатымызбен бір-бірімізді емдеп жүрміз. Осындай өзіммен қатар өскен ақылдары дария балаларым барда енді қиналмайтын сияқтымын», —

деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Желі қолданушылары Мөлдірге қолдау білдіріп, пікірлерін жазды.

«Ақыл айтып, баға беретін біз емес. Бірақ бұл видеоны көріп, көзіме жас, жүрегіме өкініш келді», «Балаларыңыз бақытты болсын!», «Елді күлдіргенін қайтейін, балалары жылап отыр», «Мөлдір, бес балаң, бес тірегің аман болсын!», — деп жазды Мұқанованың оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше