Не жақпайды: әтір, тер немесе тар киім? Біз дәрігермен кеңестік.

Біз безеулердің бет терісіне жиі шығатынына үйренгенбіз, кейде олар сәл төменірек — мойында пайда болады. Олар беттегі қабынуға қарағанда нашар көрінеді және ұзақ емделеді.

New Beauty-ге берген сұхбатында Лесли Лосс пен Хайди Уолдорф атты дерматологтар олардың не үшін пайда болатынын және күресу жолдарын айтты.«Безеу әрқашан бірнеше себептерге байланысты шығады: қабыну, бактериялар, стресс, киімнің үйкелісі және микробиоманың бұзылуы», – дейді Хайди Уолдорф.

Егер мойындағы безеулер сирек шықса, оларға әсер етуі мүмкін факторлар туралы ойлан. Бәлкім сен тар, ұзын мойынды киім киіп, SPF кремін жағуды ұмытып, терлеп, әтір қолданған боларсың.

Егер безеулер кетпесе және ауырса, оның себептері тереңірек болуы мүмкін. Дерматолог Лесли Лосс ескертеді: «Әйелдерде гормоналды ауытқуларға байланысты мойын безеулері пайда болуы мүмкін. Сондықтан егер олар бірнеше күн ішінде кетпесе, дәрігерге қаралуға кеңес беремін».

Ешқандай себепсіз, теріні мұқият тазартуға назар аудар. Жұмсақ бет көбіктері мен гельдерін қолдан, содан кейін салицил қышқылы, мырыш немесе ретинол қосылған тонерлер, кремдер мен сарысуларды жақ.

Мойын косметикасындағы белсенді ингредиенттердің пайызы минималды болуы керек. Бұл аймақтағы тері бетке қарағанда әлдеқайда жұқа және сезімтал. Қышқылдар мен ретинолдың жоғары мөлшері оған зиян тигізуі мүмкін.


Фото: Pexels

Поделиться: