«Менің өмірімдегі ең жағымсыз сәт»: Марго Робби «Барби» түсіріліміндегі әсерімен бөлісті

Жаз бойы біз «Барби» фильмінің түсірілімінен жаңа фотоларды қалай күткеніміз есіңізде ме?

Барлық кадрлардан біз Марго Робби Калифорния жағалауындағы ролик теуіп, күлімсіреп жүргенін, кинодағы әріптесі Райан Гослингпен сахналарға дайындалып жүргені сияқты жағымды дүниелерді байқаған болатынбыз. Алайда, Марго жақында ғана бұл болжамдарды жоққа шығарды.

https://www.youtube.com/embed/5vTDEj_bFh8

Робби оны күн сайын түсірілім алаңын қоршап алған көптеген паппарацция  мазалағанын мойындады:

«Мен назарда болатынымды білдім, мүмкін кейбір фотосуреттер желіге түсіп кетуі мүмкін деп те ойладым, бірақ ойлағанымнан асып түсті».

Сонымен қатар, ол түсірілімді үнемі бақылап отыратын сансыз көрермендер де кедергі келтіргенін айтты. 

«Біздің қаншалықты көңіліміз түскенін жеткізе алмаймын. Біз күліп, көңіл көтергендей болдық, бірақ ішіміз жанып жатты. Есімізден адаса жаздадық. Сол кезде мен: «Бұл менің өмірімдегі ең масқара сәт»,

деп ойладым дейді Марго.

Өздеріңіз көріп отырғандай, кейде тіпті ең танымал адамдар да өз бағыттарына тым көп назар аударғанды көтере алмауы мүмкін. Енді Робби қалпына келуі керек. Айтпақшы, фильмнің өзі бір жылдан кейін ғана шығады.


Фото: Kinopoisk

Поделиться: