Бұрын байлықтың белгісі болып терінің ашық түсісаналды, ал қазір косметологиялық процедуралардың саны. Неліктен «әдемі» болу жақсы, бірақ қымбат екенін талқылаймыз.

Тарихтың әр кезеңдерінде белгілі бір сұлулық стандарттары арқылы бай немесе кедей екенін анықтауға болады. Мысалы, Ренессанс кезінде бозғылт тері жоғары әлеуметтік мәртебенің белгісі болып саналды, өйткені күнге күйген тері адамның күн астында көп жұмыс істейтінін көрсетті.

Кейінірек терінің қара реңі, керісінше, жоғары мәртебенің көрсеткіші болды. Егер адам күйіп кетсе, онда оның теңіз жағасында демалуға уақыты мен қаржылық мүмкіндіктері бар дегенді білдірді.

Соңғы бес жылда сұлулық стандарттары тым қымбатқа түседі. Енді байлық деңгейі косметологиялық процедуралар мен пластикалық операциялар арқылы танылады.

Сен әлеуметтік желілерде әртүрлі селебритилердің «процедураларға дейін/кейін» фотосуреттерін көрген боларсың. Ең танымал мейковерлер Хейли Бибер мен Белла Хадидке тиесілі. Қыздар: «Мен түсіндім: мен ұсқынсыземеспін, мен жай ғана кедеймін», — деп пікіп қалдырып жатты.

@alleditionsss #bellahadid before/after #model #runway ♬ Love Story by Indila — m8dels

Сонымен қатар, сұлулық стандарттарына сәйкес келмеу дискриминацияға әкеледі. «Ұсқынсыз» әйелдер «әдемі»әріптестеріне қарағанда 40%-ға аз ақша табады, ал тартымды адамдар сұхбатқа 20%-ға жиі шақырылады.

Осы жағымсыз тенденцияларды сезіне отырып, адамдар косметологтар мен пластикалық хирургтардың қызметіне көбірек жүгінеді. Ұлттық эстетикалық пластикалық хирургия деректер банкінің мәліметі бойынша, ботокс процедураларының саны 2019 және 2020 жылдар аралығында 54%-ға өсті, ал филлерлер саны 75%-ға өсті.

Соңғы жылдары эстетикалық қызметтердің ғана емес, оларға алынған несиелердің де саны артып келеді. Бұл туралы Refinery29 басылымы жазған болатын. Лидс университетінің профессоры Рут Холлидэйдің айтуынша, сұлулық стандарттарына сай болу үшін адамдар несие алуға ғана емес, денсаулықты құрбан етуге де дайын.

«Косметикалық туризмді зерттеу барысында біз операцияға шетелге барған адамдардың көпшілігі бай адамдар емес екенін анықтадық. Олар ақша үнемдеуге тырысты. Олар үшін операция жасау өте маңызды, өйткені мұны одан әрі әлеуметтік және мансаптық табыстың қажетті шарты деп санайды»,

ейді профессор Холлидэй Dazed-ке берген сұхбатында.

Қорытынды: бізді қорқынышты қатаң және қол жетімді емес (барлық мағынада) сұлулық стандарты күтеді. Есте сақтау керек: біз оған назар аудармауымыз керек.


Ақпарат көзі: Flacon

Фото: Pexels

Поделиться: