Мейіржан Төребаев

Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Мейіржан Төребаевқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.

«Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына А. Құрманғалиев, Р. Бурканов, Д. Рахимова, Д.Ча, А. Рүстемов, Т. Касенов, С. Касенов, Н. Сұлтанбаев, М. Шерниязов, М. Туребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады»,

деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әр түрлі үлестерге тыйым салынды. 

«Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор қолдайды»,

деп толықтырды қадағалау органының мамандары.

Ескетеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 20 сәуірде 10 күнге қамауға алынды, содан кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Кейінірек тағы бірнеше рет мерзімі ұзартылған болатын.


Фото: Instagram/ @meirzhach_tv

Поделиться: