Мақпал Исабекованың екінші балаға аяғы ауыр
Instagram: makosyai

Танымал қазақстандық әнші Мақпал Исабекова екінші жүктілігі туралы мәлімдеді. Әнші жұбайы екеуі Теодор есімді ұл тәрбиелеп отыр.

Әр ғашықтар күні қарсаңында Мақпал жанкүйерлерімен жеке өміріндегі маңызды жаңалықтармен бөлісті. Бүгінгі мерекеде де күтпеген ақпаратпен айт. 

«Бүгін мен жар болуға ұсыныс алып, қалыңдық атанғаныма 3 жыл… 2022 жылы 14 ақпанда Теодорға аяғым ауыр екенін жарияладым. 2023 жылы 14 ақпанда сіздер оны бірінші рет көрдіңіздер»,

деп бастады қазақстандық әнші.

 «Күйеуімен ерекше кездесуге» дайындалған видеоны жариялағаннан кейін, Мақпал нәзік қызыл көйлек киіп, ішін сипады. «Қысқасы, осы. Пікір қалдырып, қуансаңыздар болады»,

деп жазды Исабекова. 

Әншінің жанкүйерлері оны құттықтап, жеңіл жүктілік тіледі.


Поделиться: