Мөлдір Әуелбекова екінші некесі жайлы ашық айтып берді
Instagram: moldir.auyelbekova

Мөлдір Әуелбекова екінші некесі жайлы ел білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі «Мамский әңгіме» мұсылманша тұрмысқа шығып, күйеуінің төртінші әйелі болғанын ашық айтты.

«Екінші рет тұрмысқа шығатын кезде, болашақ жолдасым «Намазхан болады», «Міндетті түрде күйеуім намазхан болады» деп ойладым. Намазхандар маған қиянат жасамайды деп ойладым. Намазға келгенде діни біліміңді арттыра бересің, сауатыңды арттырасың. Мен «Намазхан маған қиянат жасамайды. Ол әйелі мен баласын себепсіз тастап кете салмайды» деп ойладым. Мені, баланы тастап кететіндей себеп жоқ қой. Ондай қылмыс, жамандық жасамадым олардың ешқайсысына. Мен шариғат бойынша тұрмысқа шықтым. Менің айналамды өте көп адамдар солай отау құрды. Әншілердің ішінен Нұржан Керменбаев келіншегін үш рет көріп, некелескен. Екінші рет мен де солай тұрмысқа шықтым. Ол кісі маған өзі хабарласты. Жиырма жыл араласқан жақын адам жеңгетайлық жасап, таныстырды. Сосын мен сенім арттым. Біз бір апта сөйлестік. Ораза уақыты еді. Барлығы келіп тұр. Құдайдан бір белгі келіп тұрған сияқты. Намаз оқиды, қажы, ораза айы, біреу таныстырып тұр. Оның үстіне карантин уақыты еді. Ол кісі келіп, әкемнен рұқсат алып, сырға салып әкетті. Баламмен бірге әкетті. Мені баурап алғаны, балам оны бірден «әке» деп атады. Ол кісі өте балажан. Қызын қазір тастамайды. Келіп тұрады, ақша жібереді, қыдыртады, киіндіреді. Сондай бақытты болып, тұрмысқа шықтым. Шүкір, қыз босандым. Бірақ қызыма жүкті кезде, үш ай болғанда ол кісіден кетіп қалдым. Бұл жерде үлкен мәселе, мен танымай, шариғат жолымен тұрмысқа шықтым ғой. Қарап тұрсаң, ақымақтық қой. Қысқасын айтайын, мен ол кісінің төртінші әйелі болып шықтым. Соның барлығын біліп, қатты күйзеліске түстім. Ішімде балам бар. Шариғат бойынша, таза неке ғой. Заңды неке болған жоқ. Үйге имам алдырып, неке қидырдық»,

деді әнші.

Фото: Instagram

Поделиться: