әлеуметтік желіге тәуелділік
Unsplash: Nicolas Lobos

Жатсаң да тұрсаң да қолыңда ұялы телефон жүре ме? Экран уақытын қысқарту туралы ойланатын уақыт келген шығар. Сарапшылар тек ерік-жігерге ғана сенбеуді ұсынады — өмірге жаңа салауатты әдеттерді біртіндеп енгізу маңызды.

«Смартфонды пайдаланудан мүмкіндігінше ауыртпалықсыз алшақтатуға мүмкіндік беретін ортаны құру жеткілікті», – деп түсіндірді Бэйлор университетінің тұтынушылық мінез-құлық жөніндегі сарапшысы доктор Джеймс А. Робертс The New York Times газетіне.

Бірінші лайфхак — оятатын қоңыраулы сағат сатып алу. Таңертең шырылдаған смартфон құрылғыны бірден қолыңа алуға мәжбүр етеді. Ал, сағат таңертең ұйықтап қалуға мүмкіндік бермейді және нақты қажеттілік болған кезде гаджетті саналы түрде қолға алуға үлесін қосады.

Сондай-ақ, сарапшы туыстары мен достарына проблема туралы айтуға кеңес берді — оларға тікелей байланыс кезінде немесе отбасылық түскі ас барысында телефонды ұстаған кезде саған ескертулер жасауға рұқсат ет.

Егер прогресс болмаса, радикалды нұсқаны қолданып көр — доктор Робертс әлеуметтік желі қосымшаларын смартфоннан алып тастауға және оларды компьютер арқылы пайдалануға кеңес береді. Егер іс шұғыл болса, телефонның браузерін қолдану жеткілікті.


Фото: Unsplash

Поделиться: