«Әлем аруы Қазақстан-2023» атағының иегері тұрмысқа шығу туралы ұсыныс алды. 20 жастағы Томирис Заир Instagram-да жүзік пен болашақ жұбайын көрсетті.
Томирис Заир «Иә» деді — «Алматы аруы», «Вице-мисс Қазақстан» және «Әлем аруы Қазақстан» титулдарының иегері.
Аруға Дубайда ұсыныс жасалды. Ақ көйлекте тұрған модель жүзік және гүл шоқтарымен түскен фото жүктеді. «Миллион рет ИӘ!» – деп жазды Томирис посттың астына. Ол, сондай-ақ, соңғы суретте болашақ жарын жігітті көрсетті.
Посттың астына жүзден астам ару Томиристі құттықтап, оған бақыт тіледі.
Естеріңе сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Томирис Заир «Әлем аруы» байқауына Қазақстанның атынан қатысқан болатын. Маркетинг факультетінің 20 жастағы алматылық студенті төрт жылдан бері фотомодель болып жұмыс істейді.
Фото: Instagram
Поделиться: