Мерей Әбілова екінші сәбиінің жынысын білді

Блогер Мерей Әбілова жарымен бірге болашақ баласының жынысын анықтады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 09 июня 2026, 10:55
Мерей Әбілова
Instagram: @abilovva_m

Олар гендер-патиді жақындарының жанында, жылы атмосферада өткізді. Мерей мен Димаш ақ тортқа тапсырыс беріп, ішіндегі кремнің түсі көк екенін білді. Демек, екінші сәбилері ұл болмақ.

«Асыға күтеміз сені»,–

деп жазды Әбілова.

Блогердің оқырмандары жас жұпты құттықтап, тілектерін жазды.

«Өзім ұл туатындай қуандым ғой», «Жылағым келіп кетті. Осындай қуаныш маған да бұйырса екен!», «Батыр ұлымыз аман есен, бақытты өмірге келсін!», – деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше