«Бетің пластика деп айтып қойды ма жұрт? Қазір еркек те әйел де бәрі жасап көрсетуде», —
деп жазды оған желі қолданушысы.
«Сол ғой, бәрі ота жасағанын ашық айтып көрсетеді қазір, мақтаныш етіп. Мен де жасасам айтар едім турасын. Біреуден қорқып немесе ұялып қалатын адам емеспін ғой мен. Тағы айтамын, бетімді кесіп, тартып ештеңе жасамағанмын. Ешқандай сүйек сындырмағанмын. Бәрі өзімдікі», —
деп жауап берді әнші.
Сонымен қатар Еркеден жан тыныштығына қалай қол жеткізгені жайлы да сұрады. Әнші мұның сыры қарапайым екенін айтты — махаббат пен сұлулықты сезіне білу.
«Мен әдемілікті жақсы көремін. Сыртқы ғана емес, маңыздысы ішкі. Сонымен қатар, махаббатты жақсы көремін. Аллаға деген махаббат, адамға деген махаббат, әнге деген махаббат, табиғатқа, кітапқа, тамаққа, киноға, бүкіл қоршаған ортаға махаббат. Осылай маңызды нәрселермен жан дүниемді, ішкі мәдениетімді, рухымды қоректендіремін. Сонда сыртқы керек емес жағымсыз энергия мені айналып өтеді», —
деді Ерке Есмахан.
Фото: Instagram