Әнші өзінің блогында бөліскен қара-ақ түсті фотода қазақстандық әртіс әрі тележүргізуші Талғат Байгужиновпен құшақтасып тұр.
Дильназ бұл суретке қатысты ешқандай пікір білдірмеді, алайда Талғат «қызыл жүрек» қалдырған.
Желі қолданушылары суретке белсенді пікір жазып, түрлі болжамдар жасады. Бірі Дильназ бен Талғатты жұп деп ойласа, енді бірі бұл жаңа романтикалық бейнебаянның түсірілімі болуы мүмкін деп жазды
«Бақытты болыңдар!», «Сендер үшін қуаныштымын», «Сендер жұпсыңдар ма, Дилек?», «Өте ыстық сурет!», «Керемет», «Жаңа клип пе екен?», «Супер!», «Вау, Талғат!», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram