Динара мен жұбайының алғашқы әрі қадірлі қонақтары – ең жақын адамдары болды.
«Бірінші қоныс тойымыз. Ата-анамыздың ақ батасын алдық», –
деп жазды Динара.
Қонақтар шашу шашып, гүл шоқтары мен сыйлықтар әкеліп, үй иелерін қуантты. Динара қонақжайлығын көрсетіп, мол дастархан жайды.
Желі қолданушылары оны жаңа үйімен және туған күнімен құттықтады. Айта кетейік, тележұлдыздың жасы жуырда 43-ке толды.
«О, қоныс той деген керемет қой. Үй де, интерьері де әдемі. Сізге тек бақыт тілеймін», «Қоныс құтты болсын. Берекелі үй болсын!», «Маған да жұғысты болсын осындай баспана», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram