
Белгілі қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжан тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол Instagram-да хабарлады.
Динара оқырмандарына сүйіктісімен мешітте түскен суретті көрсетті.
Қаңтар айының басында Тайландқа ұшып кеткен Динара Сатжан қолындағы сақинасымен интрига жасаған болатын.
«Мен «иә» дедім»,
деп мәлімдеді Сатжан сол кезде.
Бұл жолы тележүргізуші өз блогында Астана мешітіндегі суретін жариялады, онда ол ер адаммен бірге түскен. Динара суреттерге ештеңе жазбастан тек қызыл жүрек эмодзилер қалдырды.
Stories-те тележұлдыз бірнеше фотосуреттерді көрсетті. Олардың бірінде Динара қолына екі құжатты ұстады – заңды неке туралы куәлік және мұсылман неке куәлігі.
Сатжан қайтадан артқы жағынан түсірілген ер адамының суретін жариялады.
«Менің махаббатым! Мен оны жақсы көремін»,
деп жазды Динара.
Фото: Instagram