Instagram: @dinarasatzhan
Қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжан табысты кәсіпкермен некесі туралы пікір білдірді. Ол «Это к деньгам» YouTube арнасына сұхбат берді.
Күні кеше 42 жастағы Динара Сатжан тұрмысқа шығып, мешітте ақ некесін қиған болатын. Ал, бүгін тележүргізуші сүйіктісі екеуі түскен сурет жүктеді.
Оның жұбайы Forbes тізіміне енген табысты қазақстандық кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов екені белгілі болды.
Динара Әсел Әуелбекованың неке келісімшарты туралы сұрағына жауап берді. Тележүргізуші күйеуіне де, ол оған да сенімді екенін айтты.
«Жалпы, маған неке келісімшарты ұнайды. Бірақ, ертең бәрін бөлісу тұрғысынан емес, бұл туралы мүлдем ойлағым келмейді. Бірақ, маған неке келісімшарты жайлы идея ұнайды, мысалы кенеттен көзге шөп салған жағдайда қаржылық жаза болады.
Бірақ, біз оны талқылаған жоқпыз. Неке келісімшартын жасамаймыз, өйткені мен не қалайтынымды білетін өте саналы 42 жастамын.
Мен өзімді бақытты әйелмін деп есептеймін, бұл адам мені өмір бойы бақытты ететінін білемін, оған сенемін және онымен маған өте қызық. Ол да неке келісімшартына қатысты мәселені көтерген жоқ, өйткені ол маған да сенімді. Біз онымен барлық мәселелер жайлы сөйлестік және бір-бірімізге сұрақтар жоқ»,
деді Сатжан.
Фото: Instagram
Дереккөз: «Это к деньгам» YouTube арнасы