Қуанышты хабарды блогер Instagram парақшасында бөлісті. Артур перзентханада түскен суреттер жариялады.
«Ұлым. 11.04.26», —
деп жазды ол.
Кадрдан оның жары, актриса Замира Саидованы және жаңа туған нәрестені көруге болады.
Желі қолданушылары жас ата-ананы құттықтап, сәбиге ұзақ, бақытты ғұмыр тіледі. Олардың қатарында отандық шоу-бизнес өкілдері: Индира Еділбаева, Гүлнәр Силбаева, Гүлназ Жоланова, Дина Төлепберген және тағы басқалар бар.
«Алақай! Құтты болсын!», «Болашақта «Барселонаның» жанкүйері болады деп сенемін», «Тағы бір футболшы дүниеге келіпті, анасы мен баласына денсаулық тілейміз», «Ең бақытты бала болсын!», — деп жазды Артур мен Замираның оқырмандары.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында Артур Асқарұлы мен сүйіктісі мұсылманша «неке» қидырған болатын. Ал, өткен жылдың жазында олар үлкен тойларын өткізді.
Фото: Instagram