Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовпен маңызды күнді еске алды.
Әлеуметтік желіде жарияланған суретте олардың қолдары мен бокалдар көрінеді.
«Қазір ғана есімізге түсті – бүгін біздің шаңырақ көтерген күніміз. Ура! Біз бақыттымыз», –
деп жазды Баян.
Жұп ресми түрде некелерін тіркеген және бірге өткізген әрбір сәтті ерекше бағалайтындарын жасырмайды. Баян мен Тұрсын отбасылық өміріндегі маңызды оқиғалармен жиі бөлісіп отырады.
Фото: Instagram