«Жүрегім менің»: Динара Сатжан күйеуін туған күнімен құттықтады

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжан сүйікті жарының туған күніне орай әлеуметтік желіде бірге түскен суреттерін жариялап, ыстық ықыласын білдірді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 29 января 2026, 11:40
Динара Сатжан
Instagram: @dinarasatzhan

Динара жолдасымен бірге түскен жылы әрі әсерлі кадрлармен бөліскен. Суреттерде жұпты дастарқан басында, жағалауда серуендеп жүрген сәттерде, сондай-ақ кешкі сәнді образда көруге болады.

«Жүрегім менің, туған күніңізбен», –

деп жазды Динара.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға ақ тілектерін жаудырды.

«Отбасылық мерекелерің құтты болсын!», «Туған күндеріңмен! Махаббаттарың мәңгі болғай», «Сұлтаныңыздың туған күні құтты болсын! Бақытты болыңыздар!», «Жүз жасаңыздар», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, өткен көктемде Динара Сатжан тұрмысқа шыққан болатын. Оның таңдауы Forbes тізіміне енген табысты қазақстандық кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов болды.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше