«Хит болатыны анық»: Қайрат Нұртас Балжан Бидашпен бірге ән жазбақ

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде «KeshYOU» тобының бұрынғы мүшесі Балжан Бидашпен бірге түскен видеосын жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 29 июня 2026, 11:13
Қайрат Нұртас Балжан Бидашпен
Instagram: @kair_n

Желі қолданушылары қос өнерпаздың жаңа дуэт әзірлеп жатқанын бірден түсінді.

Қайрат Нұртас жариялаған бейнежазбада әнші дыбыс жазу студиясына кіріп, оны Балжан Бидаш қарсы алады. Видеода өнерпаздардың бірге шығармашылық жұмыс істеп, кейін көңілді би билеген сәттері көрсетілген.

«Жақында», –

деп қысқа ғана жазба қалдырған Қайрат Нұртас Балжан Бидаштың парақшасын белгілеген.

Желі қолданушылары қос әншінің жаңа туындысын асыға күтетіндерін жарыса жазды.

«Күтеміз!», «Тағатсыздана күтеміз», «Әуені керемет екен, ән тезірек шықса екен», «Қайратпен ешкімді салыстыруға келмейді, дауысы ерекше», «Ән әлі шықпаса да, бұл хит болатыны анық», «Балжан – біздің Барби», «Өте жарасымды дуэт», – деп пікір білдірді тыңдармандар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше