Супермамасита мен JustKing-ке салынған айыппұл көлемі белгілі болды

Қазақстанда ірі аудиториясы бар ондаған блогер заңсыз лотереялар ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 05 ноября 2025, 11:27
Супермамасита мен JustKing
Instagram: @justking31/ @aminaxo26

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері 89 адам анықталып, олардың барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Блогерлер басқа азаматтардың шағымдары мен мониторинг нәтижесінде анықталған.

Заңсыз әрекет жасағандармен онлайн және офлайн кездесулер өткізілген. Нәтижесінде аталған тұлғалар жалпы сомасы 40 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген.

Тізімде кім бар?

Тізімге мессенджерлердегі танымал чаттар мен ойындар ұйымдастырылған топтар, сондай-ақ ұсақ кәсіпкерлер кірген.

Айыппұл салынғандардың арасында танымал есімдер де бар. Мәселен, 3,1 миллион жазылушысы бар кәсіпкер әрі блогер Дархан Жолшыбеков биыл сәуір айында сот шешімімен 393 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Супермамасита мен JustKing-ке салынған айыппұл көлемі белгілі болды
Фото: gov.kz

7,4 миллион оқырманы бар блогер JustKing31 (Нұртаза Нұрбек) 1 миллион теңгеден астам, ал оның жұбайы Амина – 825 мың теңге, дәл осындай соманы Әлия Байтугаева (super.mamacita) да төлеген.

Супермамасита мен JustKing-ке салынған айыппұл көлемі белгілі болды
Фото: gov.kz

Тізімде Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі Мөлдір Мұқанованың Instagram-парақшасы да бар. Айыппұл мөлшері – шамамен 600 000 теңге (150 АЕК).

Айыппұл не үшін салынады

Қазақстан заңнамасына сәйкес, лотерея өткізу құқығы тек лицензияланған операторларға беріледі. Егер жеке тұлға интернет арқылы мұндай ойын ұйымдастырса, ол 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал егер лотерея жеке кәсіпкер атынан өткізілсе, айыппұл көлемі 300 АЕК болады.


Фото: Instagram

Дереккөз: Gov.kz

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше