Еске салайық, JustKing тек айыппұл төлеп құтылса, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі сотқа жолданған еді.
«Жанабыловтардың ісі бойынша әкімшілік іс материалдары сотта қаралды. Сот олардың әрекеттерінен қылмыстық сипаттағы белгілерді анықтап, материалдарды одан әрі тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жолдады», —
деді Елемесов.
Оның айтуынша, блогер JustKing өзіне тағылған әкімшілік құқықбұзушылықтарды мойындап, жауапкершілікке тартылған. Хаттамалар толтырылып, айыппұл салу туралы қаулы шығарылған. Блогер айыппұлды өз еркімен төлеген.
«Ол өз кінәсін мойындады, тиісті хаттама мен қаулы жасалды, нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі», —
деп нақтылады агенттік өкілі.
Ал Жанабыловтар өз кінәсін мойындаудан бас тартқан.
«Олар қандай да бір құқықбұзушылық жасағанын мойындамады. Сол себепті материалдар сотқа жіберілді. Сот процесі барысында қосымша деректер анықталып, олардың әрекеттерінде қылмыстық құрамның белгілері бар деген қорытынды жасалған болуы мүмкін», —
деді Елемесов.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу енді басталды. Оның аяқталу мерзімін нақты айту қиын, дегенмен алдын ала болжам бойынша, тергеу шамамен екі ай ішінде аяқталуы мүмкін.
«Мерзім жөнінде нақты айту қиын, бірақ шамамен екі айдың ішінде аяқталады деп ойлаймыз», —
деді агенттік төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар ҚМА JustKing ісінің материалдарын да уәкілетті органға жіберген. Онда блогердің қызметі арқылы алынған қаражат көлемін, оның қайда жұмсалғанын және ары қарай тергеу жүргізуге негіз бар-жоғын анықтау жоспарланып отыр.
@newtimes.kz5 Заместитель председателя Агентства по финансовому мониторингу Республики Казахстан Женис Елемесов прокомментировал дело супругов Жанабыловых и расследование в отношении блогера JustKing. По словам представителя АФМ, блогер JustKing согласился с предъявленными нарушениями и понес административную ответственность. Были составлены протоколы, вынесено постановление о штрафах, которые блогер добровольно оплатил. «Он согласился, был составлен протокол, постановление, и он был привлечен к административной ответственности в виде штрафа. Эти штрафы были оплачены», — уточнил Елемесов. В отличие от него, участники дела Жанабыловых отрицают свою вину и отказываются признавать какие-либо нарушения. «Они отказались. Сказали, что не признают факт нарушения. В связи с этим материалы были переданы в суд. А в ходе судебного разбирательства, возможно, были установлены дополнительные факты, которые позволили сделать вывод о наличии признаков уголовного преступления», — отметил замглавы АФМ.
♬ оригинальный звук - NewTimes.kz
Фото: Instagram
Дереккөз: NewTimes