Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Instagram парақшасында жиі «Сұрақ-жауап» айдарын өткізеді. Сол кезде бір оқырманы оның жеке өміріне қызығушылық танытып, «Ажырасқансыз ба?» деген сұрақ қойды.
Блогердің айтуынша, мұндай сұрақты оған жаңа жазылушылары қойған сияқты, себебі көптен бері оны оқып жүргендер Айсәуленің жеке өмірін жария етпеуге тырысатынын біледі.
«Мен өз парақшамда күйеуімді де, балаларымды да көрсетпеймін. Құдайға шүкір, бәрі жақсы», –
деп жазды Айсәуле.
Сондай-ақ ол балаларын неге көпшілікке көрсетпейтінін түсіндірді.
«Ал егер олар өскенде өздері шешім қабылдай алатын кезде “мені неге көрсеттің?” десе ше? Ал жүздеген мың адам оларды көріп үлгереді, жүзін, мінезін, қызығушылығын, жеңісі мен жеңілісін біліп қояды. Жалпы, ересектердің өзге адамдардың баласын көруге деген қызығушылығы мені аздап таңғалдырады», –
деді блогер.
Айсәуле Бақытбектің айтуынша, әлеуметтік желі – балаларға арналған орын емес.
Фото: Instagram