Әртістің жазбасы жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, аз уақыттың ішінде ондаған мың лайк жинады.
«Қызым, менің кішкентай Рәбиә Сұлтаным!», –
деп жазды Нұртас.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап, оның отбасына бақыт тіледі.
«Қайратты, бөпелерімен қосып, Жұлдызымен қосып жақсы көре береміз», «Қайрат өте тәртіпті жігіт, бір қалыпты, атақты көтере алатын», «Сіздер бақытты болсаңыздар, біз де бақыттымыз!», «Қайратты Жұлдызбен және балаларымен бірге жүргенін көрсем қуаныштан көзіме жас келеді», – деп жазды әншінің оқырмандары.
Фото: Instagram