«Көркіне ақылы сай»: Ақерке Бүркітбай туған күнінде нәзік образда бой көрсетті

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай бүгін, 2 қазан күні туған күнін атап өтуде. Ол жеке мерекесіне орай әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 02 октября 2025, 11:06
Ақерке Бүркітбай
Instagram: @akerkeburkitbay

Instagram парақшасында Ақерке өзінің жаңа суреттерін жариялады. Кадрларда ол ұзын, көгілдір реңкті нәзік көйлекпен бой көрсетті.

Киім үлгісіндегі көзге түсетін әшекей – ірі алтын түсті білезіктер. Ал шашы жұмсақ толқынды етіп сәнделген.

«Жаңа жасым, қош келдің! Қызыққа, жаңа мүмкіндіктерге және әдемі сәттерге толы боларыңа сенімдімін! », –

деп жазды ол.

Желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдіріп, Ақеркені құттықтады.

«Төл мереке құтты болсын!» «Құттықтаймыз! Бақытты отбасы болыңдар, жандарым!» «Туған күніңіз құтты болсын! Сіздей көркіне ақылы сай аруды дүниеге алып келіп, тәрбие берген ата-анаңызға мың алғыс айтамын», – деп жазды олар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше