Футболшылар тіпті қонақүйде жанкүйерлер назарынан тыс қалмады.
Жүздеген жанкүйер испан клубының жұлдыздарын қарсы алды. Терминал ішінде ойыншыларға бауырсақ ұсынылды, ал халық аспаптар ансамблі Чемпиондар лигасының әнұранын орындады.
Қауіпсіздік шараларына және полицияға қарамастан, жанкүйерлер футболшыларды қонақүйге кірген сәттен бастап күтіп алып, бөлмелеріне дейін шығарып салды.
Айта кетейік, жұлдызды ойыншылар мұндай ықыласты түсіністікпен қабылдады. Мәселен, желіде тараған бір видеода Килиан Мбаппе қонақүйге кіріп келе жатып, еш қиындықсыз «Ассалаумағалейкум» деген сәлемге жауап берген.
@djadjiev_ Встретили #реалмадрид в Алмате #алматы # реал #кайратреал #футбол #матч ♬ оригинальный звук - Djadjiev ✔️
Тағы бір жұлдыз — ағылшын ойыншысы Джуд Беллингем жанкүйерге қолтаңба беруден бас тартпады.
@itsjudeworld Jude with fans in Almaty, Kazakhstan 🤍 #judebellingham #realmadrid #bellingham #fypシ゚ #judebellinghamedit ♬ original sound - bana𝜗𝜚⋆˚
Әлеуметтік желідегі кадрларға қарағанда, қонақүйге мадридтік клубты күтіп ондаған жанкүйер кіріп алған.
@anuarsoft Real Madrid келдi #real #madrid #almaty ♬ оригинальный звук - Ануар
Алматыдағы қонақүйдегі «Реалдың» алғашқы түнінен бірнеше қызықты сәт желіде тарап, үлкен талқыға түсті. Мысалы, ойыншылар лифт күткен сәтте, есігі ашылған лифттен жұмбақ жымиыспен бейтаныс адам шығып келген.
@djadjiev_ Мадридский Реал в Алмате такой ажиотаж был в Отеле #реалиадрид #реал #мадрид #футбол #кайратреал ♬ оригинальный звук - Djadjiev ✔️
Кейбір футболшылар бөлмелеріне орналасқан соң бірден ұйықтауға тырысса, басқалары тамақтанып алуды жөн көрген. Желіде Килиан Мбаппенің түнде ас ішетін бөлмеде жүргенін көруге болады.
Естеріңе сала кетейік, мадридтік «Реал» Алматыға Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойыны үшін келді. Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
«Қайрат» пен «Реал» арасындағы бұл ойын алматылықтар үшін топтық кезеңдегі алғашқы ресми үйдегі матч болмақ.
Фото: Instagram