Ерке Есмахан бала күтушілеріне тосынсый жасап, елді сүйсіндірді

Әнші Ерке Есмахан көмекшілерін туған күндерімен құттықтап, оларға ерекше сый жасады. Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 23 сентября 2025, 16:38
Ерке Есмахан
Instagram: @erke_esmahan

Ерке Instagram парақшасында бала күтушілеріне алған сыйлықтарын көрсетті.

«Бүгін Исламоктың бала күтушісінің туған күні. Гүл мен сыйлық алдық. Сосын екеуін бөлмейік деп, Батырдың да күтушісіне гүл мен сыйлық алдық. Екеуіне Cartier-ден бұрын жаңа телефон керек екенін білемін. Сол үшін тосынсый жасадым. Iphone 16-ны көріп, екеуі жылап қалды. Алғаш рет Iphone ұстап тұр. Екеуін жақсы көремін. Ақкөңіл, адал және қанағатшыл жандар»,

– деп жазды Ерке.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің жомарттығын көпке үлгі етті.

«Ерке сыйласа, демек керемет күтушілер екен», «Ақшам көп болса мен де бала күтушісін жалдар едім», «Ерке мен Райм ең керемет жандар. Бала бағу қиын жұмыс екенін түсінеді», «Ерке тағы бала туып жатса, айтыңдаршы», «Өте керемет жомарт жан», «Өскенде Еркенің баласын бағамын», – деп жазды көпшілік.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше