Ерке Instagram парақшасында Комо көлінің жағасында серуендеген сәтінен фотоларды жариялап, өзінің «Қайда?» әнінен үзінді жазды.
«Ауыл менен қала, тіпті «Галактикада» да өз-өзімізді жоғалтпай жүруге тырысамыз. Әдемілік, білім мен көрегенділік, қазақилықты сақтай отырып, заманауилықты да ұмытпау керек екенін түсінеміз. -Where are you from? -«Kazakhstan» деп мақтанышпен айту үшін»,
– деп жазды Ерке.
Әлеуметтік желі қолданушылары әдемі жұпқа жылы пікірлерін жазды.
«Керемет», «Қандай ғажап көрініс», «Тамаша жұп, көз тоймайды», «Сондай әдемісіздер», «Не деген сұлулық! Аралары 13 жас дегенге мүлдем сену қиын», — деп жазды әншінің оқырмандары.
Фото: Instagram