«Сіздікі жай ма?!»: Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызына ренішін білдірді

Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызына ашық ренішін жеткізді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 04 сентября 2025, 12:42
Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызы
Instagram: @erke_esmahan

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы өзінің YouTube арнасында пластикалық хирургтерді қонаққа шақырып, танымал тұлғалардың қандай оталарға барғаны жайлы сұрақ қойған. Сол әңгімеде Ерке Есмаханның да аты аталған.

Мамандардың сөзіне сенсек, әншіге жағы мен көзіне ота жасалған. Олар тіпті Қазақстанда сұраныс болмағандықтан, Кореяда жасатуы мүмкін деген болжам айтты.

Бұл жайт Еркенің ашуын туғызды. Ол Instagram парақшасында журналистті белгілеп, өз ренішін жеткізді.

«Ләйлә ханым, сіздікі жай ма? Сұхбаттастарыңыздың айтып отырған қорқынышты нәрселерінің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас әпкем ретінде өтірікке жол бермей, қорғаудың орнына, өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды»,

деп ашуланды әнші.

Сондай-ақ, әнші өзінің атын хайп пен қаралым үшін қолданатындарға да ескерту жасады.

«Өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін!»

деді Есмахан.
«Сіздікі жай ма?!»: Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызына ренішін білдірді
Instagram/stories: @erke_esmahan

Бұл оқиға желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Журналист әзірге түсініктеме берген жоқ, ал бағдарламадағы Еркеге қатысты айтылған болжамдар кейіннен қиылып тасталған.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше