Бейбіт Әлібековтің YouTube-тағы «По домам» бағдарламасында Мерей мен Димаштың жаңа пәтерін көрсетті.
Түсірілім барысында танымал жұп қарым-қатынастарының қалай басталғанын айтып берді.
«Мен Мерейге 2018 жылы жазғанмын. Ол тек 2022 жылы жауап берді. Бір танысының мені белгілеп салып қойғанын көріп, менің парақшама кіріпті»,
деді Димаш.
Алғашқы кездесуден кейін Димаш жолға шығу керек болған. Небәрі бір айдың ішінде танысып, сырға салу рәсімін өткізіп үлгерген.
«Ол маған бірінші күні бірден ниетінің түзі екенін және ата-анаммен танысқысы келетінін айтты. Мен мұны жоғарыдан келген белгі шығар деп түсіндім»,
деп бөлісті Мерей.
Мерейге сырға салынғаннан кейін бір жылдан соң жұп үлкен тойларын өткізген. Бүгінде Димаш пен Мерейдің бір қыздары бар. Болашақта көпбалалы ата-ана болуды армандайды.
Фото: Instagram