Айқын Төлепбергеннің бұрынғы жары жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты

Танымал әнші Айқын Төлепбергеннің экс-жұбайы, блогер әрі жазушы Әсел Төлепберген әлеуметтік желіде жеке өміріндегі қиындықтарымен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 19 сентября 2025, 12:40
Айқын Төлепбергеннің бұрынғы жары
Instagram: @assel_tolepbergen

«Қыркүйектің екінші аптасы аяқталды. Бұл – жаңа оқу жылының да екінші аптасы. Ұлым Аңсардың тізесіне физиотерапия емін қабылдап жүрміз. Дәрігер бұрын-соңды естімеген бурсит деген ауыр сөз айтты. Енді күн сайын ем-домға барамыз. Күзгі демалыста команда Ташкентке турнирге аттанады. Мен жарақатқа алаңдаймын, ал ұлым спорттық бабын жоғалтып аламын ба деп қорқады», –

дейді ол.

Әсел жалғызбасты ана ретінде жұмыс пен бала тәрбиесін қатар алып жүрудің жауапкершілігін де сөз етті.

«Балаға бағыт беру маңызды, бірақ бәрін өзің істеп беруге болмайды. Бұл үшін мықты төзім қажет. Кейде терезеден күздің әдемі бояуларына қарап, сол сәтті көбірек сезінгім келеді. Тауда серуендеп, фотосессия жасап жүрген адамдарға қызыға қараймын. Жеке даму туралы ой да жиі мазалайды. Әсіресе қырықтан асқан соң бұл сезім айқынырақ. Алда кітап фестивалі бар, романымды таныстыруға дайындық жүріп жатыр. Бұрын құрылыс жобаларының презентациясын жасасам, қазір өз кітабымның тұсаукесерін қалай өткізерімді білмеймін. Басқа авторлардың тәжірибесін зерттеп жүрмін. Сонымен қатар қазан айында оқуға қайта барамын. Жасым қырықтан асса да, үйренуімді тоқтатпаймын. Ана ретіндегі жауапкершілік, тұрмыстық шаруалар мен өзін-өзі дамыту арасынан тепе-теңдік табуға тырысып жүрмін. Ең бастысы – күзді өткізіп алмау. Ол тым қысқа…», –

деп сөзін аяқтады Әсел Төлепберген.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше