Лана Дель Рей макияж
Фото: Nadia Lee Cohen for SKIMS

Этьен Ортега — ең танымал жұлдызды бет әрлеуші емес, бірақ ол Лана Дель Рэйдің ұзын көздегі сызықтары мен томпақ қызғылт еріндеріне, сондай-ақ Кристина Агилера, Деми Ловато, Мэрайя Кэри және Крис Дженнердің сырт бейнелеріне жауапты. Олардың бет бояулары әрқашан керемет көрінеді!

POPSUGAR-ға берген сұхбатында Этьен өзінің қолтаңбалық образдарын жасауға көмектесетін үш негізгі құпияны ашты.

Праймер қолданбаймыз

Ортега, көптеген бет әрлеушілер сияқты, теріні дайындау макияждағы ең маңызды қадам деп санайды. Бірақ, ол тек праймерді ұнатпайды: «Менің ойымша, теріні әдеттегі күтіммен сапалы тазарту және ылғалдандыру керек, праймерді тек Т аймағына жағу қажет».

Көп оп-далап жағу

«Менің жұмысымды бақылап отырған көптеген әріптестер әрқашан: «Ой, мен сенің сонша ұнтақ қолданатыныңды білмедім», — деп айтады дейді бет әрлеуші. Этьен бұл макияжды ұзақ сақтаудың ең жақсы тәсілі деп санайды.

Ең бастысы — өнімді бірнеше жұқа қабаттарға жағу, сонда тері әдемі және табиғи көрінеді.

Ең бастысы — ерін

Лана Дель Рэйдің макияжынан Этьеннің нені жақсы көретіні анық көрінеді — томпақ, жарқын ерін. «Бұл менің мейкімнің сүйікті бөлігі! Мен ерін бұрыштарына барынша назар аударамын, ерінді үлкенірек етіп көрсету үшін оны бояймын, содан кейін қалған бөлігін толтырамын», — деп ол әншінің сыртқы келбетінің құпиясымен бөлісті.

Сондай-ақ, ол қара көз контурлағышы мен ашық далаптың сәнді үйлесімін жақсы көреді.


Фото: Nadia Lee Cohen for SKIMS

Поделиться: