Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

24 қаңтар күні композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды. 

Композитор 48 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол «Сүйінші», «Темиртауская весна», «Ақ сұңқар» көркем фильмдеріне ән жазған.

2014 жылы «ЕМА Muzzone» нұсқасы бойынша Жылдың үздік композиторы, 2015 жылы «Астана жұлдызы» нұсқасы бойынша Жылдың үздік композиторы атағына ие болды. Мәдениет министрінен «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. 2017 жылы «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік атағына ие болды.


Фото: Instagram/ @indiraelemes

Поделиться: