Imanbek жастарға

Әлемге Imanbek деген атпен әйгілі қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Астанадағы Стратегиялық бастамалар форумында Қазақстанның дарынды жастары туралы айтып, аға буынға кеңес берді.

Иманбек жастарға кедергі жасамауға шақырды. 

«Жастарға қысым жасамаңыз, оны қаламайтын нәрсені жасауға мәжбүрлемеңіз. Егер сіз біздің жігіттердің мәдениет пен ғылымда қандай да бір жетістікке жетуін қаласаңыз, онда оларға қолдау білдіріңіз. Тек оларға кедергі жасамаңыз. Ақылсыну мен нұсқаулық тек жек көру сезімін оятады. Егер оларға кеңес қажет болса, олар өздері келіп, кеңес сұрайды»,

деп атап өтті Иманбек.

Ол қазір әлемнің түрлі елдерінде тұрып, жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Қазақстанға оралған сайын әрдайым қандай да бір өзгерістерді байқайды. 

«Бұл мені шынымен қуантады. Менің ойымша, Қазақстан туралы білуі үшін, айтылуы үшін, біздің еліміз бүкіл әлемде танымал және құрметтелуі үшін Қазақстанның дауысы қатты шығуы керек. 7 жыл ішінде ел қалай өзгеруі керек? Менің ойымша, ол мүмкіндік беруі керек»,

деп қосты ол.

Сонымен қатар, ол Қазақстан жастары өте талантты және өмірдің түрлі салаларында үлкен жетістіктерге жетіп жатқанын атап өтті. 

«Өңірлерде таланттар өте көп. Бұл рас және менің ойымша, біздің Үкімет бұл таланттардың дамуы үшін қандай да бір шешім қабылдауы керек. Бізде Google, Facebook-те жұмыс істейтін көптеген ақылды жігіттер бар. Менің бірге оқыған достарым бар, олар IT саласын игеріп, жақсы табыс табуды үйренді. Біздің қазақстандықтар IT тілінде жақсы ойлана алады. Біздің айтишниктер ірі компанияларды құра алады деп ойлаймын. Мен 7 жыл ішінде Қазақстанның өзгергенін қалаймын, біз ғана емес, сонымен қатар Қазақстан жайлы білетін адамдардың елімізге қызығушылығы артып, келгісі келетіндей дамығанын қалаймын»,

деп түйіндеді Иманбек.

Фото: Азамат Кенжегулов @az.kenzhegulov

Поделиться: