Иіс су
Unsplash: Sonia Dauer

Әтірді пайдалану ережелері қандай болуы мүмкін? Септің де кете бердің. 

Бірақ Maison Francis Kurdjian брендінің негізін қалаушы, Narciso Rodriguez-тің For Her хош иістері, Jean Paul Gaultier-нің Le Mâle иіс суы және басқа да парфюмдерді ойлап тарқан Франсис Кюркджян басқаша ойлайды. Vogue журналына берген сұхбатында ол, тіпті, ең қымбат хош иісті бұзуы мүмкін танымал парфюмерлік қателерді атады.

  • Сен хош иісті білегіңе ысқылайсың. «Бұл өте жаман», – дейді Кюркджян. Және үйкеліс парфюмерияның иісін өзгертетінін түсіндіреді. Егер хош иістің тұтастығын сақтағың келсе, білектеріңе аз ғана шашып және оны сіңір.
  • Сен әтірді кез келген жерге шашыратасың. Хош иісті қолдануға болатын үш нүкте бар — бұл білек, мойын және иық. «Бұл жерлерде дене жылуды шығарады, ол хош иістің тез ашылуына көмектеседі», – дейді ол.
  • Сен киімге де әтір қолданасың. Киімдегі дақтар мен бұрмаланған иісі — бұл соның нәтиже.
  • Сен хош иісті дұрыс сақтамайсың. Егер сен парфюмды жылы, содан кейін суықта сақтасаң, біліп жүр — олар мұндай өзгерістерді ұнатпайды. «Температураның өзгеруі әтірдің «қартаюын» тездететін химиялық реакцияларды тудырады», — деп еске салады парфюмер. Бір қызығы, хош иісті сақтаудың ең жақсы орны — зауыт қорабы. 
  • Егер сен хош иістің жарамдылық мерзімін барынша ұзартқың келсе, Кюркджянның айтуы бойынша тоңазытқыш тиімді орын.
  • Сен әтірдің үлкенін сатып аласың. Парфюмер ең жақсы әтір кішкентай бөтелкелерде шығарылады деп санайды. Хош иіс сөреде неғұрлым ұзақ тұрса, соғұрлым олардың тотығуы күшейеді. «Есіңде болсын, оттегі хош иіс молекулаларын баяу ыдыратып, оның иісі мен құрамын өзгертеді», – дейді ол.
  • Сен хош иісті құрғақ теріге жағасың. Құрғақ теріде әтір ұзаққа созылмайды, дейді Кюркджян, сондықтан хош иісті қолданар алдында теріні ылғалдандыруды ұмытпа.

Фото: Unsplash

Поделиться: