Ұланғасыр Қами
Instagram: ulangasyrqamiev

Facebook қолданушысы Саида Кастанеда әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен Ішкі істер министрлігіне арыз жазғанын мәлемдеді. 

Әншінің хиджабқа қатысты мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

«Күйеуі әйелін өлтіріп қойды, анау-мынау дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Ондай оқиғалар көп негізі. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады. Одан кейін біреу оған қызығады. Оны күйеуі не істейді? Барып өлтіріп қояды деген секілді.

Басын кесіп алса да шешпейді. Шын түсініп киген әйел оны шешпейді. Басқасында шаруам жоқ. Ертең, бұйырса, өз әйеліме кигіземін, басқасында шаруам жоқ. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе алмаймын. Кимесе «чао» деймін. Себебі санын жалтыратып, ешқайда шығарғым келмейді»,

деді әнші видеода.

Қоғам белсендісі арызды гендерлік алауыздықты қоздыру, әйелдерге деген өшпенділікті қоздыру бабы бойынша түсірген.

«Бүгін е-өтініш арқылы ІІМ-ге ҚР ҚК-нің 174-бабына сәйкес әлеуметтік және гендерлік алауыздықты қоздыру, әйелдерге деген өшпенділікті қоздыру және әйелдерді/қыздарды өз күйеулері, бұрынғы күйеулері, жігіттері және туыстарының өлтіруі мен ұрып-соғуын ақтау туралы мәлімдемелерін тексеру туралы арыз жаздым.
Арыз тіркелді, қандай да бір іс қозғала ма әлде әдеттегідей бола ма, көреміз»,

деп жазды ол.

Ішкі істер министрлігі арыздың тіркелгенін мәлімдеді.

«Арыз тіркелді. Тексеру жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады»,

делінген ІІМ жауабында.

Фото: Instagram

Поделиться: