Хейли Бибердің 5 сұлулық құпиясы
Instagram: haileybieber

Американдық модель стилінің құпиясын ашамыз.

Хейли Бибер стиль мен сұлулықтың символы. Көп қыздар оған еліктейді. Хейли табысты модель және Rhode макияж брендінің негізін қалаушы. Хейлидің туған күніне орай біз оның 5 сұлулық құпиясынын жинадық. 

Жарқыраған тері

Хейлидің жарқыраған терісі нағыз сұлулық трендіне айналды. Әрине, сенің бетің сау жылтырға ие болу үшін көп күш салу керек. Ұйқыны бақылау, теңдестірілген тамақтану және жаттығулар жасау маңызды. Дегенмен, күтімдегі активтердің көмегімен теріні жарқын және балғын етуге болады. Мысалы, Хейли церамидтерді жақсы көреді.

Інжу маникюр

Інжу-маржан тырнақтарының трендін Хейли Бибер де жақсы көреді. Сүт реңкімен қапталған тырнақтар және үстіңгі жағында жылтырмен. Мұндай маникюр нәзік әрі қымбат көрінеді, ең бастысы — кез-келген образға сәйкес келеді.

Тырнақтардың сұлулығын ғана емес, сонымен қатар қол терісінің күйін де мән беру маңызды екенін ұмыта. Қол кремін өзіңмен бірге алып жүруді де ұмытпа.

Боб-каре

Хейли боп шаш үлгісімен жүргеніне бір жылдан асты, шаш үлгісі осы уақыт ішінде трендке айналды. Қазір оның көптеген түрлері пайда болды. Жақында Хейли ұштары бұралған боб түрімен көзге түсті. Бұл өте ерекше және стильді көрінеді. Шаштың түбі жабысып тұрмау үшін Хейли шаш кептіргішпен кептірмес бұрын мусс немесе шаш спрейін қолданады.

Ленталармен шаш үлгісі 

Хейли нәзік және жеңіл образдарды жақсы көреді. Қызғылт сызықтар, лента арқылы жасалған шаш үлгілері маржан маникюрі — модель эстетикасының нағыз атрибуттары. Егер әдемі шаш үлгісін ұнатсаң, онда Хейли сияқты ленталармен сәндеуге болады. Оны үйде қайталау өте оңай және көп уақытты қажет етпейді. Есіңде болсын, кез-келген шаш таза болғанда шаш үлгісі әлдеқайда жақсы көрінеді.

Ерінге арналған жылтыр

Еріннің жылтырлығы мен жарқыраған терісі — бұл екі құрал Хейли Биберге келгенде бірден ойға келеді. Қыз өзінің RHODE бренді үшін керемет бальзамдар мен реңк жылтырларын жасады.

Хейли әрқашан өзімен бірге ерінге арналған жылтыр алып жүреді. Егер сөмкеңде әрдайым жылтыр немесе ерін майы болса, онда ерін жарылып кетпейді және әрдайым ылғалданады.


Фото: Instagram

Поделиться: