Хейли Бибер мен Кендалл Дженнердің макияжына арналған 5 өнім. Жұлдызды визажист кеңес берді
Instagram: @haileybieber

Әлемдік жұлдыздардың құпияларының сыры неде?

Мэри Филлипс өз жұмысының шебері, оның клиенттерінің тізімінде Кардашьян әулеті, Хейли Бибер, Джей Ло және Сальма Хайек бар. Мэри, сұхбатында өз клиенттерінің макияжында қандай өнімдерді жиі қолданатынын бөлісті.

Мэри Lancôme-ның Teint Idole тональді кремі мен жасырғыштарының жанкүйері екені белгілі болды.

«Бұл топтаманың тоны жеңіл, жарқыраған нәтиже береді, ал жасырғыш құрал проблемалық аймақтарды тамаша реттейді», 

дейді ол.

Ол контурды Highlight Sculpting Palette хайлайьерімен және Make up Forever HD Skin Cream Contour өнімімен жасайды. Ол әрқашан қастарын Anastasia Beverly Hills Brow Wiz қарындашымен бояйды.

Ал, ерінге Make up Forever-дің Artist қарындашын және Black Honey түсіндегі Clinique Almost ерін далабын пайдаланады.

«Ол әдемі табиғи реңк береді және кез-келген тері реңкіне сәйкес келеді. Ол сондай-ақ, ерінді ылғалдандырады және басқа құралдармен жақсы үйлеседі»,

деп түсіндіреді Мэри.

Соңында, макияж барлығына кремді румянаны сатып алуға кеңес береді, бірақ белгілі бір брендті атамайды.

«Мен қола реңктерін қолданғанды ұнатамын, содан кейін, жарқыраған және күйген тері әсеріне қол жеткізу үшін үстіне жарқын румяна жағамын»,

деп қосты Мэри.
Фото: Lancôme
Фото: Make up Forever
Фото: Anastasia Beverly Hills
Фото: Make Up Forever 
Фото: Clinique

Фото: Instagram
Ақпарат көзі: Byrdie

Поделиться: