
Актриса Гүлназ Жоланова 29 жасында «сырғалым» атанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Гүлназ Жоланова «Бизнес по-казахски» франшизасы, «Әкім», «Тараз» фильмдері арқылы көрермендерге танылған болатын.
Ол өзінің Instagram желісінде 18 ақпанда өткен сырға салу рәсімінен қысқаша бейнежазба жариялады.
Актрисаның құрбысы Ерке Есмаханда құттықтау сөздерін арнады:
«Екеуміз жүріп-жүріп, енді бір-бірімізге қабаттасып күйеуге шығып жатырмыз. Кеше Ақтауда Гүлназға да сырға салынды. Бір күнде «сырғалым» болдық. Теңін тапқан құрбыма «бағың ашылсын» деймін. Бақытты үбірлі-шүбірлі болыңдар»,
деп жазды әнші.
Фото: Instagram/ @zholanova_gulnaz/ @botaeltaeva/ @erke_esmahan
Поделиться: