Фариза Ескермес
Instagram: fariza_yeskermes

Фариза Ескермес медициналық тексерудің нәтижелерімен бөлісті және сұлулығы мен денсаулығын қалай сақтайтыны жайлы айтты.

Қазақстандық актриса өз блогында ағзаны толық тексеруден өткізіп жатқандығымен бөлісті. Дәрігерлердің сөзінен кейін Ескермес денсаулығы жақсы екенін айтты. Оның үстіне дәрігерлер Фаризаға өзінің жасын айтқан кезде сенбепті. Кино жұлдызы сұлулығы мен жастығын қалай сақтайтынымен бөлісті. 

«Терапевт: маған «23-тесің бе?» дейді. Мен 30-дамын дедім. Бірақ, менің 30-да екеніме ешкім сенбейді. Өйткені менде проблема жоқ, ұйқы қанық, жегенім алдымда, жемегенім артында, ақша табамын, қыдырамын, спаға барамын, фейсфитнеспен айналысамын»,

деп актриса желіде таралған әзіл қосып жауап берді.

Фото: Instagram

Поделиться: