Қазақстандық актриса Фариза Ескермес тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында ойын білдірді — ол ер адам өз үйінің жауы емес, отбасының тірегі болуы керек екенін айтты.
Фариза кейбір ер адамдар өз отбасыларының тірегі мен қорғанысы болудың орнына үйіндегілерін қорқыныш пен үрейде ұстайтынына аяныш білдірді.
«Қазақ әйелді жылатпаған , жесірді, жетімді жерде қалдырмаған халық емес па едік…Жауымыз ер болды қазір. Ермен алысқан халық болдық. Нағыз ұят деген осы шығар , ерінен қорыққан замандамыз. Ер деген қорған емес пе ? Жоқ , қорған емес жұдырығын ала жөнелетін қорқақ, сорлы болды. Бар жоғы бірнеше миллион халықпыз , бір де бір әйелді жылатпай , құлатпай өмір сүруге жарамадық па? Ұят. Осыған әр ер азамат жауапты. Батыр болып әйелді, бала шағаны қорғаудың орнына , нағыз жау болып бара жатырсыздар. Отбасыңның қадірін сақтай алмасаң, үйіңде тыныштық орната алмасаң несіне ер болып туылдың екен…
Құдайдың алдында қатты жауаптымыз. Кім болсақ та соны ұмытпайық. Жауаптымыз.
Қазағымыздың әр әйелінің , әр аналарымыздың әрбір тамшы көз жасы үшін бәріміз жауаптымыз»,
деп түйіндеді Фариза.
«Мен толығымен келісемін», «Барлық кінәні ер адамдарға жабу дұрыс емес», «Иә, қазір ер адамдар ұсақталып кеткен», «Өте дұрыс айтылды», – деді оқырмандары посттың астында.
Фото: Instagram