Қазақстандық актриса Фариза Ескермес 10 жыл бұрынғы фотосуреттерін көрсетті. Суреттерде «Мошенники» сериалының жұлдызын танымай қалуың мүмкін — шаш пен макияж мүлдем өзгеше.
«Мен 10 жыл бұрынғы суреттерді көріп отырмын. Макияжды қатты жақсы көрдім, қазір жек көремін», – деп жазды актриса. Шынында да, ескі фотосуреттерде Фаризаның макияжы қатты көзге түседі. Оның үстіне, шашының түсі қазіргіден өзгеше болды.
Қазір арудың сырт келбеті басқаша. Фаризаның өзі мойындағандай, енді ол терінің дем алып, жылтырағанын қалайды, сондықтан макияжы минималистік сипатқа ие. «Қазіргі уақытта маған ұнайтын макияж — тоналды крем, бет қызартқыш, қастарды аздап бояу және міндетті түрде ерін жылтыратқышы. Осымен болды», – деді Ескермес.
Фото: Instagram
Поделиться: