Ерке Есмахан әлеуметтік желіде қызық тақырып қозғады — әртіс ол үшін бақытты болу деген нені білдіретінін айтты. Жанкүйерлер оны қолдады.
Әнші отбасылық бақыт ол үшін бәрінен маңызды екенін атап өтті.
«Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде, керім, күштімін, «осы менің бақытым» дейтінмін. Сөйтсем, қазір, тіпті, үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт — ішкі тыныштық. Шүкір!»,
деді Ерке.
«Ерке балаларына әпке сияқты өте жас көрінеді», «Егер жаның тыныш болса, онда бәрі жақсы», «Бақыттың не екенін түсінген және бұл туралы айта алған қандай керемет», – деп жазды оқырмандары желіде.
Фото: Instagram
Поделиться: