Ерке Есмахан музыкаға оралуды жоспарлауда
Instagram: erke_esmahan

Ерке Есмахан Instagram-да өзінің жанкүйерлерін қуантты — қазақстандық орындаушы көптеген жаңа музыка шығаруға ниетті.

Ерке сәнді аутфит киіп, жаңалықтарымен бөлісті — ол декреттік демалыстан кейін музыка индустриясына оралуға дайындалып жатыр. «Әнші екенімді ұмытпай тұрғанымда жұмысқа кірісейін. Менен ән емес, альбом күтіңіздер!» – деп жазды Есмахан. 

Ерке, сонымен қатар, жанкүйерлерінен жаңа тректерді қандай тақырыпта тыңдағылары келетіндері жайлы сұрады. «Біз балаларға арналған әндерді күтеміз», «Махаббат жайлы әндер жаз», «Сіздің дауысыңызбен дауысыңызбен кез келген ән хит болады», – деп жазып жатты әншінің жанкүйерлері.


Фото: Instagram

Поделиться: