First Media Group компаниясының басшысы Альфия Нұрғұмарова IZI TALK YouTube арнасының қонағы болды. Сұхбат барысында жүргізуші қазақстандықтар концертін көргісі келетін орындаушылардың тізімін атады.
Олардың қатарында Imagine Dragons, Эминем, Шакира, Pitbull, Snoop Dogg және басқа да танымал әртістер бар. Осыған байланысты Нұрғұмарова Эминем туралы ойын айтты.
«Біздің салада түрлі әңгіме көп. Бұл есімдер бізге де қызық. Әрине, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Кейбір әртістердің 2026 жылға дейінгі кестесі толық жоспарланған. Сондықтан 2027 жылға көз тігу керек, біз соған да дайындалып отырмыз. Қазір бізді толғандыратын басқа мәселе бар — жаңа стадионның қашан салынатыны және қазіргісін жөндеуге жабу-жаппау туралы шешім. Бұған қоса, маусымдық фактор да бар. Әр жаңа жобамыз бізді танымал әрі трендтегі есімдерге жақындата түседі. Әрине, біз Эминемді де Қазақстанға шақырғымыз келеді. Мүмкін, жаңа стадионның ашылуына қаржы бөлініп, соған алып келерміз?», —
деді Нұрғұмарова.
Фото: Instagram
Дереккөз: IZI TALK YouTube арнасы