Екінші мүмкіндікке лайық емес

Pexels: cottonbro studio

Кешіре білу – жетілген адамдарда жақсы дамыған маңызды қасиет. Бірақ, барлығы бірдей екінші мүмкіндікке лайық емес. Өз өміріңнен біржола алып тастауға тұрарлық адамдар бар.

  1. Өмірі өздерін құрбан етіп көрсететіндер

Мүмкін сенде құрбан рөлінде өзін жайлы сезінетін таныстарың бар шығар. Мұндай адамдар ешқашан өз мәселелерін шешуге күш салмайды. Олар тек әлемнің оларға деген әділетсіздігіне шағымданады және басқалардың көмегін күтеді.

Күмәнді адамға екінші мүмкіндік бергеннің орнына, өзіңе назар аудар. Күшіңді қалпына келтіріп, оларды дұрыс жаққа бағытта.

2. Энергетикалық вампирлер

Сенің ортаңда әңгімелескеннен кейін өзіңді бос, шаршаңқы сезінетін адамдар бар ма? Мүмкін олар энергетикалық вампирлер, яғни сенің эмоцияларың мен назарың арқылы нәрленеді.

Мұндай адамдарға екінші мүмкіндік беру қауіпті. Сенен энергияны соратындармен неғұрлым ұзақ қарым-қатынас жасасаң, соғұрлым өзіңді нашар сезінесің.

3. Өтірікшілер

Сенің алдыңда патологиялық өтірікші отырғанын түсіну қиын болуы мүмкін. Мұндай адам өте тапқыр және тартымды бола алады, жақсы әңгімелер айтып, интеллектуалды болып көрінеді. Таңданудың қажеті жоқ. Өтірікке бейім адам өміріңді қиындатады, оған қажетсіз драма қосады.

Патологиялық өтірікші түзетіледі деп үміттенбеген жөн. Егер оны кешірсең, өкінесің. Алғашында ол азды-көпті адал болуы мүмкін, бірақ көп ұзамай ескі әдеттеріне оралады.

4. Тік мінезді адамдар

Олар ортақ шешімге келуден бас тартады, тікелей сұрақтардан жалтарады және ешқашан өз көзқарастарын өзгертпейді. Тік мінезді адамдармен сөйлесу өте қиын.

Олармен кикілжің өте тез пайда болады және көбінесе нағыз үлкен дауға айналады. Тік мінезді адамдар кінәні біреуден көргенді жақсы көреді және өзгеруге деген ұмтылыстары жоқ.

5. Жеке шекараны бұзушылар

Егер сен жеке шекараларыңды дұрыс құра алсаң өте жақсы. Бұл сенің өзіңмен жұмыс жасағаныңның және әртүрлі интеллект түрлерін дамытқандығыңның көрсеткіші.

Мәселе мынада, сенің өміріңде жеке шекараны бұзушылар пайда болуы мүмкін. Мұндай адамдар оларға қойылатын талаптарды елемейді, өздеріне қатысы жоқ істеріне басын сұғады және құрметтемейді.

Оларды үнемі кешіру, екінші және үшінші мүмкіндік беру – жаман идея.


Фото: Pexels

Поделиться: