Арулат Мұхаметқали

Арулат Мұхаметқалидің тырнақ сәндеумен айналысып жүргеніне үш жыл болыпты.

Екібастұздан келген 14 жастағы қазақстандық Арулат Мұхаметқали Мәскеуде өткен тырнақ дизайны мен модельдеу бойынша чемпионатты жеңіп алды.

«Алақай! Мен әлем чемпионы атандым! Достар, мені құттықтасаңыздар болады, мен өз категориямда тырнақ өнері бойынша әлем чемпионы болдым. Мен бақыттымын!»,

деп жазды Арулат өзінің Instagram парақшасында. 

Арулаттың оқиғасы бүкіл елге белгілі. Ол көп балалы отбасынан шыққан және отбасын қаржылай қолдау үшін тырнақ өнерін үйренген.

Арулат өзінің сүйікті ісімен табандылықпен айналысып, тырнақ шеберлері арасында ондаған байқауларда жеңіске жетті.


Фото: Instagram/ arulat_mukhametkali

Поделиться: