Джиджи Хадид паста
Instagram: gigihadid

Атақты адамның рецепті әрқашан қызықты.

Жұлдыздардың қалай тамақтанатындарын білгіміз келеді. Мысалы, супермодель Джиджи Хадид макаронды жақсы көреді. Бұл таңқаларлық ақпарат, өйткені модельдер әдетте диетаны қатаң сақтайды және көмірсуларды сирек пайдаланады. 

Дегенмен, макарон — қатты бидай өнімі. Бұл тағам баяу сіңетінін және белге қосымша сантиметр қоспайтынын білдіреді. Осы оқиғаға орай, Джиджи Хадидтің макаронын дайындайық.

Саған қажет қоспалар:
  • Зәйтүн майы
  • 1/4 кесе томат пастасы
  • 1/2 кесе кілегей (майлылығы 15%)
  • Макарон суы
  • 250 гр. паста
  • Сары майдың бір бөлігі
  • Үгітілген пармезан
  • 1 пияз
  • Сарымсақ
  • Чили, кептірілген шөптер
  • Дәміне қарай тұз

250 грамм пастаны тұзды суға алдын-ала қайнатып ал. Суды төгіп тастама, ол әрі қарай пісіру үшін керек болады. Содан кейін табаны қыздырып, оған зәйтүн майын құй. Пиязды, сарымсақты, чилиді және дәмдеуіштерді қызған майға қуыр. Содан кейін,табаға томат пастасын, кілегей, макарон және суды қос. Бірнеше минуттан кейін табаға сары май мен пармезанның бір бөлігін сал. Егер тұз тағамда жеткілікті емес деп ойласаң, дәміне қарай тұз қос. 

Unsplash: Pratik Gupta

Болды! Джиджи Хадидтің пастасы дайын! Асың дәмді болсын!


Фото: Unsplash

Поделиться: