Аты аңызға айналған қазақстандық «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі Ақжол Мейірбеков өмірден озды. 

Мейірбеков Ақжол Нұсқабекұлы 1950 жылы 26 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі бүкіл одақтық, әлемдік және халықаралық фестивальдер мен байқауларға қатысып, лауреат атанды.

Кейіннен Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінің мүшесі болды.

1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің директоры және көркемдік жетекшісі болып жұмыс істеді.

Бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.


Фото: Instagram

Поделиться: