Фильм қазақ эстрадасындағы тұңғыш эстарадалық-вокальді аспаптар тобының құрылу тарихы жайлы болмақ.

Режиссер Айдын Сахаманның айтуы бойынша, фильм топ мүшелерінің достығы, таланты және алғашқы махаббаты жайлы.

   «Aray Media Group» компаниясы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен «Дос-Мұқасан» киножобасын жүзеге асырып отыр. 

“Дос-Мұқасан” тобы кино

   Дос-Мұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. 1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар есімдерінің  алғашқы буындарынан құралған. Досым Сүлеев (“Дос”), Мұрат Құсайынов (“Мұ”), Қамит Санбаев (“Қа”), Александр Литвинов (“Сан”). 

Музыканттардың рөлін Мақсат Сабитов, Мейірғат Амангелдин, Артур Асқарұлы сомдамақ. Фильм топтың 55-жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көреді.

“Дос-Мұқасан” тобы кино

Фото: dos-mukasan.kz / Instagram @dosmukasan_film

Поделиться: