Димаш Құдайберген Әбілмансұр Раушан

Димаш Құдайберген өзінің інісі Әбілмансұр жазған Together атты әннің бейнебаянын ұсынды.

Бейнебаянда Димаш Құдайберген, інісі мен қарындасы – Әбілмансұр және Раушан Құдайберген түскен. Together әнінің музыкасын 16 жасар Әбілмансұр Құдайберген жазды, бұл оның дебюттік композиторлық жұмысы. 

Сценарий авторлары Ғалым Асылов пен Андрей Ходин.

«Бірнеше күн бойы біз клиптің негізгі тұжырымдамасын талқыладық және Димашқа әлемді құтқару және кеңістік арқылы басқа планеталарға саяхат жасау идеясы өте жарасады деген пікірге келдік. 

Сонымен бірге біз бейнебаянда отбасылық құндылықтар идеясын қалдырғымыз келді, сондықтан сценарийге басты кейіпкердің інісі мен қарындасы енгізілді»,

деді Ходин. 

Әбілмансұр Құдайберген әуеннің негізгі тақырыбы импровизация ретінде қалыптасқанын, содан кейін кейбір өзгерістерден кейін ағасына демо нұсқасын көрсеткенін және оның мақұлдауынан кейін Ерлан Бекчурин әнді өңдегенін айтты.

«Бұл менің алғашқы композиторлық жұмысым. Мен өзім немесе достарыммен бірге ән жазамын. Together әні адамдарды ұрыс-керіссіз өмір сүруге шақырады, өйткені бәрі тату және бірге болуы керек. Бұл менің алғашқы бейнебаяным, түсірілім маған өте ұнады, мен үшін қызықты тәжірибе болды»,

деп атап өтті Димаштың інісі. 

Фото: Instagram/ @kudaibergenov.dimash

Поделиться: